Қоғам

Шкарупаның орнына жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қамауға алынған Анатолий Шкарупаның орнына бұған дейін атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болған Сұңғат Есімханов келді

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

Анатолий Шкарупа - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның энергетика вице-министрі қамауға алынды

Бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған Анатолий Шкарупа жымқыру туралы айыптаулардан кейін, өтініш жазып, қызметінен босатылған.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында туған. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген. 

2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа Қарағанды облысы Саран қаласында жылу есептеуіштерін сатып алып, орантуға бөлінген қаражатты қымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Шкарупаны қамауға мерзімі 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін ұзартылды.

Энергетика вице-министрі қызметін бір айдан артық уақыт қана атқарған. Ол айыпталып отырған қылмысты үш жыл бұрын Саран қаласының әкімі болғанда жасаған болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0