Қоғам

Астана тұрғынына қаршадай қызды ұрламақ болды деген жала жабылды

CC0 / pixabay.com / Ер адам мен қыз
Ер адам мен қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам қызының мектептен бөтен ер адаммен бірге шыққанын көріп, қате түсініп қалған

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Астанада ер адамға бала ұрламақ болды деген жала жабылды.

Қыз баланың анасының үрейге толы жазбасы мессенджерлерде тарап кеткен. Хабарламада әйел бөтен бір ер адам қызын мектептен ертіп шығып, құрылыс жаққа апармақ болды дейді.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында ер адам мешіт жанында үш жасар қызды ұрлап кетті

Ол бақылау камерасына түсірілген видеоны жолдап, ата-аналарға мұқият болуды ескертті.

Қалалық білім басқармасы қателік кеткенін хабарлайды.

Видеодағы ер адам көршісінің өтініші бойынша өзінің баласымен бірге оның қызын мектептен алып кетуге келіпті. Қыздың атын атап шақырып, есіктің жанында күтіп тұрса керек. Оқушы қыз шыға бергенде, оны көршісінің қызы деп шатастырыпты.

"Ер адам сол қыз екен деп ойлаған, алайда ол анасының көлігіне қарай бет алыпты. Ер адам да соңынан еріп, басқа қыз екенін анасынан білген", — деп түсіндірді білім басқармасы.

Видео авторы мектеп әкімшілігінің жауабын күтпей, жазбаны ортақ чатқа жіберген.

Басқарма атап өткендей, мектеп басшылығына ескерту жасалды, өйткені бірінші сынып жетекшілері оқушыларды өз ата-анасына немесе заңды өкіліне ғана бере алады. 

Балалар арасында да қауіпсіздік бойынша сабақ өткізіледі.

Жаңалықтар
0