20:15 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
308 0 0

Эпилепсиясы ұстап, есін жоғалтқан әйел адамға вокзалдағы кезекшілер алғашқы көмек көрсетті

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Астанада "Нұрлы жол" вокзалында жас әйел есінен танып қалды. Мұны байқаған кезекшілер дәрігерлерді шақырып, олар келгенше алғашқы көмек көрсеткен.

Төтенше оқиға қарашаның 16-сынан 17-сіне қараған түні болыпты. Вокзал кешенін шолуға шыққан кезекшілер талып қалған әйелді байқайды. Қызметкерлердің бірі вокзалдағы дәрігер мен жедел жәрдем шақырып жатқанда, екіншісі оқиғаның себебін анықтамақ болған.

"Әйел адамның эпилепсиясы ұстағанын анықтап, мұндай жағдайда не істеу керектігін білетін кезекшілер дәрігерлер келгенше науқастың тынысын қалпына келтірді", — деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер әйел адамның аяғы ауыр екенін айтты. Сөйтіп, вокзал қызметкерлерінің батыл әрекеттерінің арқасында екі бірдей жан аман қалған.

Тақырып бойынша

"Күтпеген жерден..." Астанада тағы екі жүкті әйел көз жұмды
Ағашқа жай түсіп, жүкті әйел қаза тапты
Ақтауда жүкті әйел байқамай сірке суын ішіп қойды
ШҚО-да жүкті әйел баланы алдыртуға ақша бермеген сүйіктісін пышақтап өлтірді
Кілт сөздер:
есінен тану, вокзал, жедел жәрдем, жүкті әйел, ҚТЖ, Астана
Загрузка...

Басты тақырып