Қоғам

Адамдардың ішімдікке салынуының жаңа себебі анықталды

Жазылу
Ғалымдар ішімдікке бейімділіктің неге байланысты екенін анықтады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. АҚШ, Мексика және Испания ғалымдары бірлесіп зерттеу жүргізу нәтижесінде климаттың ішімдік ішуге әсер ететінін анықтады. Бұл туралы Hepatology ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

маскүнемдік - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар маскүнемдіктің ақыл-ой кемістігіне әкелетінін анықтады

Сарапшылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректерін пайдалана отырып, 193 елдегі ішімдік ішу деңгейі мен ауа райын салыстырды. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, климат неғұрлым қатал болса, адамдар да соғұрлым ішімдікке бейім келеді екен. 

Ғалымдар сонымен бірге ішімдікке салыну және бауыр циррозы дерті суық елдерде жиі кездесетінін анықтаған. Адамдар жылыну үшін немесе жайма шуақ күндердің аздығынан туындайтын "күйзелістен арылу" мақсатында ішімдік ішетін болса керек, деп қорытынды жасады мамандар.

 

Жаңалықтар
0