02:18 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
442 0 0

Иманғали Тасмағамбетов композитор Төлеген Мұхамеджановтың сүйемелдеуімен "Напрасные слова" романсын шырқады

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов әншілігімен әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндірді.

Желіде пайда болған видеода Тасмағамбетов "Напрасные слова" орыс романсын тамылжыта шырқап жатыр. Иманғали Тасмағамбетов әсем сазды композицияны танымал қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджанвтың сүйемелдеуімен орындады. 

Желі қолданушылар Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің өнеріне тамсанып, "Браво, маэстро!" деп жарыса жазып жатыр.

Тасмағамбетов бұрын да өнерге деген ерекше ықыласын жасырмайтын. Астана әкімі болып жүрген кезінде қалалық музыкалық фестивальде Булат Окуджаваның "Виноградная косточка" әнін айқан болатын.

Иманғали Тасмағамбетов былтырғы жылдың ақпанынан бері Қазақстанның Ресейдегі Төтенше әрі Уәкілетті елшісі қызметін атқарып жүр.

Тақырып бойынша

Тасмағамбетов Мәскеуде күмбезі киіз үй іспетті жаңа кеңсеге көшті
Тасмағамбетов Ресейдегі қазақтандық студенттермен 3 сағат бойы әңгімелесті
Тасмағамбетов Ресей президентіне сенім грамоталарын табыс етеді
Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей, Иманғали Тасмағамбетов, Төлеген Мұхамеджанов, елші, видео, ән
Загрузка...

Басты тақырып