Қоғам

Денис Тенге мемориалды тақта ашылды: Ресейдің атақты жаттықтырушысы арнайы ұшып келді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туып-өскен үйіне мемориалды тақта орнатылды
Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туып-өскен үйіне мемориалды тақта орнатылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Татьяна Тарасова марқұм спортшыны еске алу үшін Қазақстанға арнайы келді

АЛМАТЫ, 7 қараша — Sputnik. Алматыда спортшы Денис Теннің туып-өскен үйіне орнатылған мемориалды тақта ашылды. Мәнерлеп сырғанаушы тұрған үйдің алдына жүзге жуық адам жиналды, деп хабарлайды тілшісі. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды
Бұл айтулы оқиғаға КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарасова, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Денис Теннің ата-анасы мен әріптес-достары, Алматы тұрғындары қатысты. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев өз сөзінде Денис Теннің есімі ел есінен өшпей, барынша насихатталатынын айтты. 

"Бүгін біз Денис Тен туып-өскен үйде мемориалды тақтаны орнатып жатырмыз. Келіп, қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін мың алғыс. Біздің аңыз чемпионның ел есінде сақталып қалуы үшін жұмыс істейтін боламыз. Денис өзін жай ғана мәнерлеп сырғанауға арнаған жоқ, Денис миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне отаны үшін мақтаныш сезімін орната білген жан",  — деді Қырықбаев. 

© Sputnik / Тимур БатыршинКСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова Денис Теннің құрметіне орнатылған мемориалды тақтаның ашылуына қатысты
КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова Денис Теннің құрметіне орнатылған мемориалды тақтаның ашылуына қатысты - Sputnik Қазақстан
КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова Денис Теннің құрметіне орнатылған мемориалды тақтаның ашылуына қатысты

Бұл Татьяна Тарасованың Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Жаттықтырушы Денис Тенмен тікелей таныс болған және өз ұлындай көрген. Құрметпен еске алу үшін спортшының туған жеріне келіп отыр. 

"Денис Қазақстанда тұрғысы келді, Қазақстанның атын шығарғысы келді. Өкінішке қарай Денис осы елде көз жұмды. Ол өз отанын әлемге танытты, Денистің қойылымын тамашалаған миллиондаған көрермен Қазақстанды картадан іздеп, қайда орналасқанын білді. Денис – өз халқы үшін қызмет еткен қазақтың баласы. Денистің ата-анасына қайталанбас тұлғаны тәрбилегені үшін алғысымды білдіремін. Менің көп шәкіртім болды. Денис сол тізімде бірінші орында. Бала күннен бастап өз мамандығын сүйіп, сол жолда ерінбей еңбек етті. Үздіктердің үздігі болды", — деді Тарасова. 

Татьяна Тарасованың айтуынша, Денис секілді талантты адаммен жұмыс істеу адамға бақыт сыйлайды. Ресейде де Тен жаңа толқын спортшыларға үлгі бола береді. 

Шерхан Байзенов, ұстаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған ұстазға қатысты сот үкім шығарды
"Олимпиада чемпиондарының ішінде Денис секілді  шығармашылықпен айналысқан ешкім жоқ. Денис әңгіме, ертегі, музыка жазды. Қазақ халқы оны ешқашан ұмытпайды деп сенеміз. Біз де оны мәңгі жүрегімізде сақтаймыз", — деп түйіндеді сөзін Татьяна Тарасова. 

Роза Рымбаева Денистің Тәуелсіздіктің құрдасы екенін айтып еске алды.

"Денис тазалық пен потриотизмнің символы. Денис  – Тәуелсіздіктің  құрдасы. Денис – біз тәрбиелеп өсірген жастардың бетке ұстары. Жаңадан спортқа келіп жатқан спортшылар Денисті еске алып, құрмет көрсетеді деп сенемін. Денис секілді алдына мақсат қойып,  жетістіктерге жететініне сенемін. Денис мәңгілік есімізде қалсын! Осы жерге жастарымыз келіп гүл қойсын. Әттең, жас кетті, бірақ мәңгілік есімізде қалды", — деді Роза Рымбаева.

© Sputnik / Тимур БатыршинРесей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров
Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров - Sputnik Қазақстан
1/3
Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров
© Sputnik / Тимур БатыршинТатьяна Тарасова и Денис Теннің анасы Оксана Тен
Татьяна Тарасова  и Денис Теннің анасы Оксана Тен - Sputnik Қазақстан
2/3
Татьяна Тарасова и Денис Теннің анасы Оксана Тен
© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Тен туып-өскен үй
Денис Тен туып-өскен үй - Sputnik Қазақстан
3/3
Денис Тен туып-өскен үй
1/3
Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров
2/3
Татьяна Тарасова и Денис Теннің анасы Оксана Тен
3/3
Денис Тен туып-өскен үй
 

Сонымен қатар, бүгін "Денис Теннің қорының" салтанатты ашылуы өтті. Бұл қор жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында құрылып отыр. "Мұз ханзадасы" ісі жалғасын табу үшін құрылған қор БҰҰ, тіпті әлем үшін үлгі болады деп күтілуде.

Жаңалықтар
0