Қоғам

Бақыт Сұлтанов "Абу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАбу Даби Плаза құрылысы
Абу Даби Плаза құрылысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Электронды үкімет" e.gov.kz порталында өткен интернет-конференцияда "Абу-Даби Плаза" нысанының құрылысы қашан аяқталатынын айтты. 

Абу-Даби Плаза - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Абу-Даби Плазадағы" кезекті шу: Астана әкімдігі жағдайды түсіндірді

Қала басшысының айтуынша, сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені – 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені – 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады деп жоспарлануда.

Осы мерзімде 1 кеңселік ғимарат та берілуі тиіс. Ал 2 кеңсе ғимаратын 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартаментті 2020 жылдың 28 ақпанында пайдалануға беру жоспарланған. Биік көпфункционалды кешеннің пайдалануға берілетін мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымы, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Форумға қатысуға ниет білдіргендер e.gov.kz сайтына ("Ашық диалог" — Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы) кіре алады.


Жаңалықтар
0