Қоғам

Назарбаев Әлібек Дінішевпен бірге Ақордада ән айтты

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев (солдан оңға қарай)
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев (солдан оңға қарай) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы мен атақты қазақстандық әнші "Люблю тебя, мой край родной" әнін орындады

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Facebook желісінде кездесудің видеосын жариялады: президент пен атақты әнші "Люблю тебя, мой край родной" (сөздері — И.Назалевич, музыкасы — Г.Подэльский) әнін айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгерілету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен боксшы Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Желіде Назарбаев пен Головкиннің кездесуінен видео жарияланды

Сонымен бірге, мемлекет басшысы халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.

Халық әртісі Қазақстан Президентінің шығармашылық саласындағы саясатына және мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетіп отырғанына ризашылық білдірді.

"Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. "Астана Опера" – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш", – деді Ә. Дінішев.

Жаңалықтар
0