Қоғам

Мәдениет министрлігі лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

© AFP 2024 / Sandor GemesКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғаны белгілі болды

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ведомствоның лауазымды тұлғалары ұсталды деген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондықтан тергеу ісі бітпей, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері айыпты деуге хақымыз жоқ. Қазіргі таңда барлық қызметкер жұмыс орнында", — деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, бүгін мемлекеттік қызмет істері және  қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлады. Бірақ агенттіктің ресми өкілі қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ. Ол қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, басқа ақпараттың заңға сәйкес жария етілмейтінін жеткізді.

Ал кейін Астана сотының баспасөз қызметі министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алынғанын хабарлады.

Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еренай Дәржібаев 2014 жылдан мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істейді. Ол қаржы министрлігінде мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасының басшысы, Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысы соттар әкімшісі, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әкімшілік департаментінің директоры, Білім министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 

"Сондықтан, тергеу амалдары аяқталмай, лауазымды тұлғаны айыпты деп қорытынды жасауға асықпаған жөн", — деп мәлім етті министрліктегілер.

Тағы оқыңыз:

Жаңалықтар
0