14:38 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры (22)
15182 0 0

2014 жылы Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткімен ұсталған отандасымыз француз тілін үйреніп жүр

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Осымен төртінші жыл Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбай қазір француз тілін үйреніп жатыр. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайдытілшісі. 

"Оның жағдайы жақсы, әдеттегідей біздің консул оған жиі барып тұрады. Кітап, тамақ, сұраған нәрсесінің барлығын апарады. Қазір ол француз, ағылшын тілдерін оқып жатыр. Сосын қасындағы Қытай азаматтарына ағылшын тілін үйретіп жүр. Өзі қытай тілін жетік меңгеруде", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Министрлік өкілі Ақжарқынның ісіне қатысты еш өзгеріс жоқ екенін айтты.  

"Қытай сотының шешімін күтіп отырмыз. Қытай сотының отырысы әлі өткен жоқ", — деді ол. 

Еске сала кетсек,  Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Кейін апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды.

2016 жылдың қарашасында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау өтті.


Тақырып:
Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры (22)

Тақырып бойынша

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар – СІМ
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: сот шешімін жариялау кейінге шегерілді
Кілт сөздер:
есірткі, Қытай түрмесі, сыртқы істер министрлігі, Ақжарқын Тұрлыбай, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып