22:29 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
260 0 0

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. 5 және 16 қазан аралығында Астана қаласында 8 мектеп оқушысы вирустық менингит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бастапқыда оқушылардың біреуінің жағдайы ауыр болған. Қазір барлығының жағдайы тұрақты. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді, деп хабарлайды тілшісі.

Елордада №75, 23, 71, 79 және Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Астанадағы халықаралық мектептің оқушылары инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Оларға алдын ала вирустық менингит деген диагноз қойылған. Науқастардың қазіргі жағдайы туралы толығырақ Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов айтып берді.

"Қазіргі таңда Астана қаласының балалар инфекциялық ауруханасында 8 мектеп оқушысы емделіп жатыр. Оларға алдын ала вирустық менингит деген диагноз қойылды және олар Астана қаласындағы әртүрлі мектепте білім алып жатыр. Аталған ауруханаға 5-16 қазан аралығында келіп түсті. Қазіргі сәтте жетеуінің жағдайы тұрақты, ал біреуінің жағдайы — орташа ауыр. Оқушыларға симтомдық және вирусқа қарсы ем түрлері жасалып жатыр", — деді Астана қаласының бас санитарлық дәрігері.

Сәдуақас Байғабылов, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
© Sputnik / Қарлыға Бүйенбай
Сәдуақас Байғабылов, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер

Сондай-ақ, маман мұндай ауру түріне шалдыққан кезде үйде емделмеуге кеңес берді. Сондай-ақ, менингиттің бұл түрінің күн қатты суытқанда бәсеңдей түсетінін айтты. Яғни дәл қазір бұл ауру түрі өршіп кетеді деп алаңдауға еш себеп жоқ.

"Бұл балалардың ауруханаға келмес бұрын бастары, бұлшық еттері мен тамақтары ауырған. Арасында жөтеліп, жүрегі айнып құсқандар да бар. Қазіргі сәтте барлығының жағдайы жақсы. Ережеге сай бұл ауру түрі 8-10 күнге дейін жалғасады. Емдеу кезінде ешқандай қиындық туындамайды. Бұл мәселеде бастысы — үйде жатып емделмеу. Себебі, кейде ата-аналар балаларын дәріханадан дәрі алып немесе таныстарынан кеңес алып емдейді. Ақырында ауруханаға ауыр жағдаймен түседі", — деді Сәдуақас Байғабылов.

2018 жылдың 9 айлық есебі бойынша Астана қаласында вирустық менингиттің 196 жағдайы тіркелді (85 оқушы) және барлығы емделді.

Тақырып бойынша

Бекшин Қарағандыда менингит жұқтырған оқушы туралы мәлімет берді
Көз жұмған шымкенттік түлек менингит жұқтырған болып шықты
Шымкентте қайтыс болған бозбала менингит жұқтырған болуы мүмкін
Бекшин: менингит жұқтырған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр
WhatsApp арқылы тараған менингит туралы ақпарат теріске шығарылды
Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті
Астанада 3 жасар балаға менингит дертіне шалдықты деген диагноз қойылды
Кілт сөздер:
инфекция, менингит індеті, дәрігер, аурухана, оқушы, Астана
Загрузка...

Басты тақырып