Қоғам

"Жуынды ішіп жүр". Кейуана немерелерінің өгей шешеден көрген қорлығы туралы айтты

© Photo : CarolinaPБала су ішіп отыр
Бала су ішіп отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш баланың анасы 2013 жылы қатерлі ісіктен көз жұмған. Күйеуі араға бір жыл толмай шаңырақ көтерген

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Өгей анасы мен күйеу балам немерелерімді оқтау сынғанша ұрады. Үйден кетерде қолдарын жіппен байлап, сарайға қамап кетеді екен. Қарындары ашқан немерелерім итке құйылған жуындыны ішуге мәжбүр. Осылай деп жылады қазақстандық кейуана Гүлбаһор Тохташова.

Қария, әже, қарияның қолы, әже таяқ ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында келін енесін соққыға жығып, үйден қуып шыққан
Аналарынан айырылған үш бірдей бала өзгелер емес, өз әкелерінен қорлық көріп отыр. Қолмен тартқан шапалақ былай тұрсын, тіпті, таңның атысы, кештің батысы қамауда отырады. Өгей ананың өгейлігінен балалар кейде аш жүруге мәжбүр. Осының салдарынан итке құйылған жуындыны ішетін күндері де болады. Қазақстандық кейуана Гүлбаһор Тохташова немерелерінің аянышты тағдыры туралы Еуразия арнасының "" бағдарламасында айтып берді.

Кейуананың қызы Алдабергенова Шахназа 2012 жылы онкологиялық ауруға шалдығып, ұзақ уақыт бойы химиотерапиядан өтеді. Ақыры ағзасындағы ісік қатерлі екені анықталып, 2013 жылдың 21 шілдесінде көз жұмады.

"Күйеу балам "Қызың ауру" деп әкеліп тастаған соң 21-і күні өзім көмдім. Ол уақытта кішкентайлары бесікте жататын. Күйеу балам қызымды әкеліп, балаларды жетімдер үйіне өткізуім керектігін айтты. Айтуынша, көметін 2 метр жер таппаған екен. Шымкентте тұрып жатқанда қызыма тамографиясына деп ақша беріп тұрдым. Оны дәрігерге емдету үшін енесі де біраз жүгірді. Ақыры Ташкентке алып барып ота жасатқан едік, ісіктің қатерлі түріне шалдыққаны анықталды. Осы отадан кейін үйде бір жыл үш ай жатты", — деді Гүлбаһор Тохташова.

Әйелдің айтуынша, күйеу баласы қызының көз жұмғанына бір жыл болмай жатып үйленген. Бұл әйелі өздерінің көршісі. Осы әйелге бола ерлі-зайыптылар арасында көптеген кикілжің болған.

Абай Бегей, әнші - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Туфлиін шешіп алып ұратын". Жұлдыздар мектептегі қызықты оқиғаларын айтып берді
"Қызымның passat деген бір көлігі бар еді. Ол қызымның наны болатын. Ақырында күйеуі "Үш бала саған, көлік маған" деп алып кетті. Бірақ, осыдан кейін балаларды да неге тартып алғанын түсінбеймін. 2006 жылы дүниеге келген баланы 4 ай Қармақта оқыттым. Қызым маған немерелерімді күйеу балама бермеуімді өтініп жалынып, жалбарынды. Әлгі әйел бір кездері "Сенің балаларыңды у беріп өлтіремін, ит қылып жұмсаймын" деп қорқытқан екен", — деді Гүлбаһор Тохташова.

Десе де, ол бастапқыда өгей анасының балаларға жылулық танытқанын жасырмады. Тіпті, нағашы әжесін сүндеттеу рәсіміне шақырып, қонақ қылған екен. Сондай-ақ, кейуана сот процесіне депутат араласқаннан кейін істің бір күнде жабылғанын айтты.

"Құдағиым екеуіміз барып күйеу баламның үстінен арыз жаздық. Бірақ бұл істі ертесінде-ақ жауып тастады. Немерелерім тағы қорлық көрмесін деп мен қайта барып арыз жаздым. Кішкентайдың аяқ-қолынан байлап, сарайға қамап қойыпты. Әжесі "Дәулет қайда" деп шақыртып, сарайдан шыққан бетте видеоға түсіріп алған. Күйеу балам ішеді, шегеді, өзін хайуан десе де болады. Мені дуалайды деп милиция арқылы айыппұл салғызады. Бір күні күйеу балам күрекпен ұрып, бетімді тіліп тастаған. Сонда өзі құлап қалды деп істі жылы жапқан. Немерелерімді оқтаумен ұрады. Екі ит бағатын. Әлгі кішкене немерем сол итке берген тамақты жейді екен", — деп көзіне жас алды кейуана.

Жаңалықтар
0