Қоғам

Төреғалидің қатысы жоқ: Астана әуежайында жұлдыздардың рейсі кешікті

© PhotoЖолаушылар
Жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық жұлдыздар Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында рейстің кешігуіне шағымданды

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Елордалық әуежайда жұлдыздар аттануы тиіс Астана — Атырау рейсі кешіктірілді.

Төреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарды: комитет тексеріс жүргізеді

Facebook желісінде Dmitry Lex есімді қолданушы жариялағандай, Scat әуекомпаниясының ұшағымен ресейлік Mband тобының әншілері, қазақстандық әртіс Әли Оқапов және басқа да отандық эстрада жұлдыздары ұшуы тиіс болатын.

"Стюардессалар бір ұшақта осынша көп жұлдызды көрмегендерін айтады. Солардың құрметіне ме, жоқ па, әйтеуір, біздің рейсті бір сағатқа кешіктірді. Ең қызығы, әдеттегідей кейінге қалдыра бастады, әуелі он минутқа, кейін тағы он бес минутқа", — деп жазды ер адам.

Ұшақ жолаушыларының атйуынша, техникалық себептерге байланысты рейс кешіктірілген болса керек.

Әли Оқапов instagram желісінде әуежайда ұйықтап жатқан суретін салды.

"Ешқайда ұшқан жоқпыз. Бізді ұшақтан түсіріп, рейсті үш сағат кейінге қалдырды, қонақ үйде ұйықтап, демалып шықсам да болар еді ғой", — деп жазады әнші.

Өткен аптада Air Astana әуекомпаниясы орындаған Алматы – Гонконг рейсінде әнші Төреғали Төреәлі шу шығарған болатын. Әртіс билестіз ұшаққа кіріп кетіп, салдарынан жиырма минут бойы мән-жай анықталған.

Жаңалықтар
0