Қоғам

Өсек айтудан арылудың сегіз жолы

CC0 / Robin Higgins / қыз аузын жауып тұр
қыз аузын жауып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам өсек айту, біреудің сыртынан жаман сөйлеу үлкен күнә екенін біліп тұрса да, мұны еріксіз жасайды

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Адам әлеуметтік ортада өмір сүреді. Сондықтан күн сайын әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасайды. Кейде біреулерге қатты сөйлеп, біреулер туралы ғайбат айтатын кездер болып тұрады, деп жазады islam.kz. 

Адам өсек айту, біреуді жамандау үлкен күнә екенін біліп тұрса да, ол әрекетке еріксіз барып қалады. Пенденің әлсіз тұстарының бірі де осы. Сондықтан осы кемшіліктен арылып, ғайбат айтпау үшін мына әрекеттерді жасаңыз, сонда сіз өзіңізді күнә жасаудан сақтай аласыз:

  • Өзгелермен әңгіме барысында араларыңызда жоқ біреуді талқылау басталса, дереу тақырыпты өзге жаққа бұруға тырысыңыз немесе ол жерден тезірек кетуге асығыңыз.
  • Сізге ұнамайтын бір адам туралы басқаларға шағым жасамаңыз. Ол адам сізге ұнамағаны үшін кінәлі емес.
  • Бір адам туралы айтқанның өзінде тек жақсы жағын айтыңыз.
Тағы оқыңыз:
  • Сізге біреуді жамандап келетін адам сізді де басқаға жамандап баратынын ұмытпаңыз.
  • Кей жағдайда біреуге қатты ренжіп, сезімдеріңізді сыртқа шығарғыңыз келеді. Ондай кезде мұң-шеріңізді күнделікке немесе қағазға түсіріңіз.
  • Біреуді ғайбаттап, өсек айтқан сізді әдемі етпейді. Керісінше, өзгелер сізді сыйлаудан қалады.
  • Әлеуметтік желілерде де өсек айту күнә.
  • Сосын, жағдайды сырттан бақылап көріңіз. Сіздің де сыртыңыздан ғайбат сөз ерсе, қандай күйде болар едіңіз?

Жаңалықтар
0