Қоғам

"Қазақстан аруы" қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Жазылу
Жұлдыз Омарбекова бұған дейін "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары болды

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Жұлдыз Омарбекова Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астана қаласының жаңа әкімі тағайындалды

"Үкіметтің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды", — деп жазылған Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. 

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, "Бауыржан" қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген.

2013–2014 жылдары Алматы мәдениет басқармасының басшысы, 2014–2015 жылдары Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды. 

Айта кетейік, Жұлдыз Омарбекова 1999 жылы "Қазақстан аруы" байқауын жеңіп алған.   


Жаңалықтар
0