21:59 20 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.69
  • EUR518.42
  • RUB5.66
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
34203

Ақылы қызмет тек таңғы уақытта енгізіледі деп жоспарлануда, басқа кезде жол жүру толығымен тегін болады

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Елорда әкімдігі Астанаға ақылы кіру жобасын қарастырып жатыр.

Ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа барар уақытта ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қаланың жол желісіне жүктемені төмендету мақсатында қалаға ақылы кіру жобасы пысықталу үстінде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.

"Жүргізілген зерттеулер мен Астанаға келетін көліктің кешенді талдауы көрсеткендей, таңғы 7 мен 9 аралығында көлік санатына байланысты кірудің ақылы түрін енгізу көлік құралдары қозғалысы ағынының орташа жылдамдығын 15-20 процентке арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаны жүзеге асыру МЖӘ аясында жоспарланған", — деп түсіндірді әкімнің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа бару уақытында ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады.

Бүгінгі таңда, Сергей Хорошуннің сөзінше, қалаға күн сайын алты магистраль (Астана-Қарағанды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын, Астана-Көкшетау) бойынша орта есеппен 82 000 көлік құралы келіп-кетеді екен.

 

Тақырып бойынша

Үш ай ішінде Қазақстанда тағы үш жол ақылы болады
Астанада ақылы тұрақтар жұмысын бастады
Игенбердинов: ақылы тұрақты пайдаланғыңыз келмесе, қоғамдық көлікке отырыңыз
"Нұржол" бульварындағы ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда жұмсалады?
Министрлік ақылы жолдардан жыл сайын қанша пайда түсетінін айтты
Кілт сөздер:
ақылы жол, Астана
Загрузка...

Басты тақырып