12:42 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Ертең кейбір өңірлерде жел күшейіп, үсік жүреді

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, 26-27 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1-3°С үсік жүреді деп болжануда. 

26 қыркүйекте Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады. 

Ал Атырау облысының кейбір елді мекенінде найзағай жарқылдайды, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.

Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.

Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.



Тақырып бойынша

Күз келді ме? Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Ауа райы болжамы: бес облыста күн бұзылады
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қазгидромет, ауа райы, жел, жаңбыр, дабылды ескерту
Загрузка...

Басты тақырып