12:05 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
617610

Келеңсіз жәйт мәжілісте "Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы" өткен үкімет сағатында болды

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген Алматы облысы мен СҚО әкімдерінің орынбасарлары мәжілісмен Бақытбек Смағұлдан сөз естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Мәжілісте "Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы" үкімет сағаты өтті. Оған Астана мен Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары да қатысқан еді. Үкімет сағатының соңында мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева өңірлерден келген қонақтарға сөз беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтан басқасының бәрі орыс тілінде сөйледі. Облыс әкімдері орынбасарларының қазақша сөйлемегені намысына тисе керек, депутат Бақытбек Смағұл екінші рет сөз алып, шенеуніктерді әбден ұялтты.

"Біріншіден, екі облыс әкімі орынбасарының (Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек — Sputnik) мемлекеттік тілде сөйлемегені — ұят дүние. Олар әлде мемлекеттік тілді білмей, менсінбегені ме, әлде Елбасының мақсат-мұратын құлағына ілмегені ме, түсінбей отырмын. Ұят нәрсе! Басшыларыңыз қандай аптал азаматтар! Ал сіздер парламентке келіп отырсыздар, бір ауыз амандасу да жоқ. Ұят емес пе, адамның намысы қайда?!", — деп ашуланды депутат.

Тағы оқыңыз: 

Осы кезде мәжіліс спикерінің орынбасары Гүлмира Исимбаева үштілділік саясатын алға тартып, қонақтардың әрекетін ақтауға тырысты.

"Қазір әрқайсымыздың екі тілде, тіпті үш тілде сөйлеуге құқығымыз бар. Қанша тіл білеміз, сонша тілде. Енді келген азаматтардың барлығы қазақ тілін білмейді деп айта алмаймыз, бәрі біледі. Тек өз ойларын жеткізу үшін біздің аудармаға кішкене сеніңкіремей, орыс тілінде сөйлегені ғой", — деп депутаттың ашуын басуға тырысты.

Тақырып бойынша

Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы
Үкімет енді тек қазақша сөйлей ме?
"Жарайсың!" Нығматулин қазақша баяндама жасаған депутатты шенеуніктерге үлгі етті
Депутат 10 сотық жерге қатысты: билік шындықты айтуы керек
Депутат министрге: беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз
Депутат ажыраспай-ақ екінші рет үйленуге рұқсат беруді ұсынды
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Кілт сөздер:
Бақытбек Смағұл, әкім, депутат, қазақ тілі, мәжіліс, мемлекеттік тіл
Загрузка...

Басты тақырып