Қоғам

Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын азаматтарға ұлттық заңнамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Вакцина - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады

Мемлекет басшысы  Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келісімнің артықшылығын түсіндірген еді. Оның айтуынша, құжат Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын азаматтарға ұлттық заңнамаға сәйкес медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ президент 1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан мен Өзбекстан үкiметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік,Қазақстан президентінің жарлығымен Әлихан Смайылов қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 


Жаңалықтар
0