Қоғам

Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Борис Ушмайкин / Медиабанкке өтуКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, республиканың бірқатар өңірінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды

АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

жабысқақ қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

Ертең күндіз Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Қостанай облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей аймақта найзағай жарқылдайды. 

Сондай-ақ, 19, 20, 21 қыркүйек күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында да жел күшейеді, күндіз кейбір елді мекендерде найзағай ойнайды. Орал қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18м/с дейін барады. 

19-20 қыркүйек күндері Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. Атырау қаласында жел 15-18 м/с дейін күшейеді.


Жаңалықтар
0