21:47 25 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD424.49
  • EUR504.51
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
213 0 0

Алматыда "KitapFest – 201"8 кітап фестивалі биыл бесінші рет ұйымдастырылды

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдында "BAURZHAN" қорының ұйымдастыруымен "KitapFest – 2018" кітап фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль биыл 5-ші рет өтуде. Алаңға таңғы сағат 10.00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. 

Алматылықтар фестиваль аясында кітаптармен өзара алмасып, концерт тамашалап, түрлі байқауларға қатысып жатыр. Байқаулардың жеңімпаздарына ұйымдастырушар тарапынан кітаптар сыйға тартылуда. 

KitapFest – 2018 кітап фестивалі
© Sputnik / Айгерім Таубай
"KitapFest – 2018" кітап фестивалі

Сонымен қатар фестиваль аясында кітап авторларымен кездесу ұйымдастырылып, блогерлермен жүздесуге мүмкіндік жасалған. Спикерлердің қатарында саясаттанушы Айдос Сарым да бар. 

"Бүгінде ғаламтордың 60-70 пайызы – порнография, іздегеніңіз сол болса, оны табу қиын емес. Ал егер 1-2 пайыз білім жинағыңыз келсе, онда жең түре кітап оқу керек. Ал google-да ұсыныстар көп, тіпті ғылыми бағытта ғана ақпарат тарататын 30-ға жуық сайт бар", — дейді Айдос Сарым.

Kazbilim орталығының директоры Аятжан Ахметжан бесінші рет ұйымдастырылып жатқан кітап фестиваліне алғаш рет келгенін айтты. Кітаптарды жарнамалау үшін мұндай кездесулерді апталап өткізуге болады дейді. 

"Кітаптың жарнамасы болу керек. Қазір жастарды кітап оқымайды деп кінәлаймыз. Бірақ бүгінгі жараманың дәуірінде тіпті біздің классик жазушыларымыздың жарнамасы ақсап тұр, тіпті жоқ. Фестивальді жылына 4 рет өткізсек те артық болмайды. Мұның ішінде қазақ жазушылары көбірек насихатталуы керек", — дейді Ахметжан. 

KitapFest – 2018 кітап фестивалі
© Sputnik / Айгерім Таубай
"KitapFest – 2018" кітап фестивалі

Фестиваль аясында мектеп оқушылары мен студенттер арасында тоғызқұмалақ, шахматтан жарыс ұйымдастырылыған. 

Тақырып бойынша

Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халық назарына ұсынылды
Жақып Асанов: кітап оқыңыздар да, адамша жауап беріңіздер
Астанада асфальт бетінде қасиетті кітап жазбалары пайда болды
Баян Мақсатқызы кітап жазды
Кілт сөздер:
порнография, кітапхана, ғаламтор, интернет, KitapFest – 2018, Айдос Сарым, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып