Қоғам

Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуТүскі ас
Түскі ас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik тілшісі мектептерде оқушылардың түскі асқа не ішетінін және қанша төлейтінін анықтады

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқушылардың мектеп асханасында түскі ас ішуге орта есеппен қанша жұмсайтынын мәлімдеді.

орамал таққан қыз, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті

Мемлекет көпбалалы немесе күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан оқушылар мен жетім балаларды тегін түскі аспен қамтиды.

Өңірлік әкімдіктер оқушыларға түскі ас ұйымдастыруға жауапты. Мысалы, Астанада жергілікті бюджеттен бүкіл бастауыш сынып оқушылары үшін түскі асқа қаражат бөлінеді.

2015 жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен бірге бірыңғай нормаларды жасап шығарды. Оқушылардың жас ерекшелігі де ескерілген. Тамақтану бойынша бірыңғай стандарттар былтыр жыл соңында қабылданды.

"Жергілікті атқару органдары оқушыларды бір реттік түскі аспен қамтамасыз еткенде үкімет бекіткен ережелерді сақтауы тиіс. Тамақтану құны бір бала үшін 545 теңге тұрады", — делінген министрліктің Sputnik-ке берген жауабында.

Ас мәзіріне не кіреді

Оқушының дұрыс дамып-жетілуі үшін рационында ет, көкөністер, жемістер, сүт тағамдары (сүт, ірімшік) және бал болуы тиіс.

Балабақшадағы түскі ас, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балаларға беруге болмайтын 9 зиянды тағам

Төрт апталық ас мәзіріне келесі бірінші тағам түрлері кіреді: борщ, бұршақ және көкөніс сорпалары, дәнді-дақылдар сорпасы, үй кеспесі, щи, қышқылтым көже, харчо. Екінші тағамға асханаларда рагу, палау, голубцы, тефтель, котлет, гуляш, суға пісірілген тауық ұсынылуы тиіс. Гарнир ретінде көбінесе картоп, дәнді-дақылдар және макарон өнімдері беріледі. Сонымен бірге ас мәзіріне көкөніс салаттары, сусын (шырын, компот, кисель, сүт) және жемістер кіреді.

Мектептерде фастфуд, фритюрада қуырылған тағамдар, крем жағылған кондитерлік өнімдер, қаймақ және майонез қосылған салаттар мен ащы соустарға тыйым салынады.

Сонымен бірге асханада тұтынушы қаптамасына оралған кондитерлік өнімдер мен тәттілер (шоколад, конфет, печенье), тәтті сусындар сатуға болмайды.

Жаңалықтар
0