21:58 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
343910

Зигмунд Фрейдке дейін көп адам түсті психикалық ауытқумен байланыстырып келді

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Фрейдтің айтуынша, барлық психикалық процесс ләззат алуға бағытталған. Яғни біз әрдайым өмірден ләззат алуға талпынамыз. Ал ләззат ала алмаған жағдайда бойымызды жағымсыз сезімдер билей бастайды.

Осы құштарлықтың бірнеше түрі бар. Біріншісі — эрос, яғни тән құштарлығы. Десе де, мұны тән ләззаты деп қана ойламау керек, ол өмірге, адамзат санын көбейтуге деген құштарлықты да білдіреді. 

Фрейд адам психологиясын зерттей келе түстерге көп мән берген. Ол бірінші кезекте түс — адамның күнделікті өмірде жүзеге асыра алмаған қалауы деп білген. Ғалым бала психикасын зерттей келе, оларға өздерінің қалаулары орындалып жатқан немесе қорқынышты түстер кіретінін анықтаған. 

Зигмунд Фрейд түсті қалай түсіндіреді? Біз түстің күнделікті өмірмен тікелей байланысты екенін айтып өттік. Сондай-ақ, тітіркендіргіштер мен адамның жаны қаншалықты сау екеніне де назар аударуымыз керек. Түстің психикалық, биологиялық және т.б. қызметтері жетерлік.

Тағы оқыңыз: Психолог қыздарға шетелдікке тұрмысқа шығуға кеңес берді

Түстің табиғатына байланысты әркімнің өз айтары бар. Кейбіреулер түсті жадымызда қалған естеліктер сақталатын жерде болатын психологиялық процесс деп ойлайды. Ал дәрігерлер мұны тән мен сезімнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап беруі деп біледі. Сондай-ақ, кейбір адам түстен символдар іздеп, одан аян белгісін көргісі келеді. 

Қазақстандық психоаналитик Жанар Оспанова түстердің негізгі екі түрі болатынын айтып, олардың ара-жігін ажыратып берді.

"Түс дегеніміз — күнделікті болып жатқан жағдайлардың қайта өңделіп шыққан түрі. Анализ кезінде үнемі түс көретін немесе мүлдем түс көрмейтін адамдар болады. Түс көрмейтіндердің, дәлірек айтсақ түсін есінде сақтап қалмайтындардың өзін-өзі бақылау сезімі күшті. Бұл бір жағынан адамға зиян. Ал түсін есінде сақтайтындарға интерпретация жасаған кезде бойын билеген сезімдерді және майда-шүйде детальдарды да қарастырамыз. Осы түсіне қарап адамның жаны қаншалықты сау екенін байқауға болады. Ал енді жору мәселесіне келсек, мысалы, біреулер жас баланы немесе ересек адамды көреді. Алғашқысын түс иесінің балалық шағымен байланыстыруға болады. Яғни түсіндегі кейіпкер өзі болуы мүмкін. Сондай-ақ, түстер невротикалық және психотикалық болып екіге бөлінеді. Біріншісінде ақылға қонымды нәрселер бар. Ал екіншісін, тіпті, көз алдымызға елестетудің өзі қорқынышты немесе ұят болады", — дейді психоаналитик Жанар Оспанова.

Ал "Сана" қоғамдық қорының құрушысы және психолог Асанәлі Хамзиннің айтуынша, түсті аянмен шатастыруға болмайды. Яғни адам түсінің аянға айналуына өзі себепші.

"Түс дегеніміз — ми шығарған өнім және бір күн ішінде болған оқиғалардың нәтижесі. Сондай-ақ, түсті барлық адам көрсе де, оны кез келгені есінде сақтап қала бермейді. Қазақ қоғамында түсінде нәжіс көрсе, оны ақшамен байланыстырып жатады. Мұнымен қатар, "Менің түсім рас болып шықты" деп мұны аянға балайды. Меніңше, түстегі нәрсенің орындалуына адамның өзі себепші. Яғни ол өзін осы бағытқа қарай жүргізіп, санасына белгілі бір бағдарлама орнатып тұр. Психоанализде түске ерекше мән беретінін жақсы білемін. Бірақ психологияда бұл көп қарала бермейді", — дейді маман.

Тағы да оқыңыз: Қыздардың хиджаб киюнінің себебі неде?

Фрейдке дейін қоғамның көп бөлігі түсті психикалық ауытқу деп қабылдаған. Ал, шын мәнінде, кез келген дені сау адам түс көреді. Зерттей келе Фрейд барлық түстің астарында белгілі бір мән-мағына жатқанын анықтайды. Бар болғаны түске дұрыс анализ жасап, оның нені білдіретінін анықтау қажет. Мұнымен қатар, барлық түсті бір қалыпқа салмай, жеке-дара жорған жөн. Себебі, әр адамның таным-түсінігі әртүрлі. Психоаналитик мамандардың бірінші кезекте түстегі символдардың адам үшін нені білдіретінін анықтағысы келетіні осыдан.

Ал Сіз құрметті оқырман түстер туралы не ойлайсыз? Соңғы рет қашан және қандай түс көрдіңіз?

Тақырып бойынша

Ғалымдар қорқынышты түсті "өшіріп тастаудың" жолын тапты
Ғалымдар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты
Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады
Ақтөбеде ұйқы бермеген көршісін өлтірген әйел сотталмайтын болды
Күйзеліс пен ұйқы қанбау: қазақстандықтар қалай өмір сүреді?
Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады
Үштөбеде ағасы түсіне кіріп, ұйқы бермеген жігіт полицияға өзі берілді
Кілт сөздер:
түс жору, түс көру, психоанализ, психика, психология, психологиялық денсаулық
Загрузка...

Басты тақырып