Қоғам

Әр қазақстандыққа 650 мың теңгеден таратылады деген рас па?

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp
WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ арандатушылықтарға сенбеуге шақырады

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. "Электрондық үкімет" eGov.kz порталынан ақша алу туралы ақпарат жалған болып шықты.

Қазақстандықтар eGov.kz порталынан 650 мың теңге (1800 доллар) алуға болатыны туралы хабарлама алған.

Бұл қаражатты алуға 1991 және 2018 жылдар аралығында мен Ресейде жұмыс істеген азаматтар құқылы екені аталып өткен.

ІІМ Денис Теннің қазасы туралы: әлеуметтік желідегі деректер жалған

Тізімде аты-жөнін тексеру үшін, арнайы сауалнамаға жауап беру қажет.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы бұл деректі теріске шығарды. ҰАТ мұндай арандатушылыққа сенбеуге шақырады.

Жүргізуші куәлігін алу үшін 20 мың теңге төлеу керек пе?

Ақпарат министрі Қытайға қатысты желідегі мәліметтерді теріске шығарды

Жаңалықтар
0