Қоғам

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в FacebookНазарбаев Университетінің студенттері
Назарбаев Университетінің студенттері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 — PhD докторларын дайындауға бөлінді

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу нәтижесін жариялады. 

2018 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі 

Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар жоғары ұпай жинап, оқуға түсе алмаған түлектерге грант беруді сұрайды

Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады. 

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл тек электронды түрде жарияланады. 

Биыл салалық министрлік 53 мыңнан астам грант бөлді. Оның 20 мыңнан астамы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес техникалық мамандықтарға үлестірілді. Осы жылы мемлекет есебінен 12,5 мың адам магистрант,  2240 адам PhD доктор атанады. 

2018 жылы 147 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді, 102 мың оқушы ҰБТ тапсырды. Биылғы орташа бал 82,6 болды. Түлектердің 85 проценттен астамы шекті балды жинады.   



Жаңалықтар
0