Қоғам

Мұсылман күнтізбесі: айлардың атауы мен олардың мағынасы

© Sputnikмешіт
мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Һижра, яғни, мұсылман күнтізбесі бойынша бүгін Зулқағда айының 19-ы. Енді он күннен кейін мұсылман күнтізбесіндегі соңғы ай - Зулхижжа айы басталады.Зулхижжа айында қандай діни мереке бар және мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың мән-мағынасы қандай?

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Бүкіл әлем мұсылманы оразаны ислам күнтзбесіне қарап бекітіп, айтты да һижраға сай тойлайды. Григориан күнтізбесі бойынша 2018 жылдың ортасынан енді ассақ, һижраға сай 1439 жылдың соңғы айы Зулхижжа айы келе жатыр. һижрадағы әр айдың өз мағынасы, өз шарттары, тіпті, мұсылманға берер өз сыйы бар. 

Мұсылман күнтізбесінің тарихы

2018 жылға арналған мұсылман күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
Инфографика
2018 жылға арналған діни күнтізбе

Исламға дейін де араб халықтарының сүйенген күнтізбесі болған. Бірақ,аң аулап, жорық жасауға ыңғайлы уақыттарда араб тайпалары айлардың орындарын қалауларынша ауыстырып алатын. Дегенмен, араб халықтары күндіз ыстықта демалып, түнде Ай жарығымен жұмыс істегені — мұсылман күнтізбесінің негізін қалады деуге болады. Өйткені, мұсылманша жыл Жерді Айдың толық айналып шығуына байланысты саналады. 

Ал, нақты Ислам күнтізбесі Алла Елшісі Мұхаммед Пайғамбардың Мекке қаласынан Медине қаласына көшкен уақытынан басталды. Һижра сөзі ауып бару, көшу мағынасын білдіреді. Сондықтан да,жыл санау, яғни, күнтізбе — һижра деп аталып кеткен. Һижра есебін  ардақты Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін бес жылдан соң халиф Омар (шамамен 637 жылы) жазып шығарған. 

Мұсылман күнтізбесінде неше ай, неше күн бар 

Қасиетті Құран Кәрімде "Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны — он екі, олардың төртеуі — харам (қасиетті) айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе — осы. Ендеше, бұл айларда (яңни, қасиетті айларды құртмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар" делінген (Тәубе сүресі, 36-аят). 

Яғни, мұсылман күнтізбесінде де григориан күнтізбесі сияқты 12 ай бар. Бірақ, біз қолданып жүрген күнтізбеде қатып қалған заң бойынша 365 күн болса, ислам күнтізбесінде күндердің саны өзгеріп отырады. 

Тағы оқыңыз: Ислам дінінде айдың тұтылуы жайлы не айтылған?

"Бізде бірнеше нұсқадағы күнтізбе бар. Олар — григориан күнтізбесі мен мұсылманша күнтізбе, яғни, һижра. Григориан күнтізбесі Жердің Күнді айналуына қатысты есептелсе, һижрада күнтізбе Жер мен Айға қатысты есептеледі. Мұсылманша Ай Жерді айналып, өзінің алғашқы нүктесіне келгенде, бір ай толады. Бұл дегеніміз — 28 күннің ар жақ, бер жағы. Мұсылман күнтізбесі Айдың қозғалуына қатысты өзгеріп отырады. Әр жыл сайын жаңа айдың келуі он күн айырмашылыққа шамалас. Мұсылман күнтізбесінде ай үнемі өзгеріп отыратындықтан, григориан күнтізбесі сияқты қатып қалған уақыт жоқ. Мысалы, григориан күнтізбесінде көктем келетін уақытында келеді. Ал, діни күнтізбеде ондай қатып қалған есеп жоқ, бірақ, он екі айдың өзгермейтін аты бар", — дейді дін сарапшысы Айбек Әбдіқадыр. 

Айлардың атауы мен олардың мағынасы 

Мұсылмандардың жыл басы Мұхарам айынан басталады. Бұл ай Алланың қасиетті деп атаған төрт айының бірі. Түп тамыры — харам, болмайды деген мағынаны білдіреді. Мұқарам айында соғысуға болмайды және осы айда Ібіліске жаннат харам етілген ай. 

Ұлық мейрам – Ораза айт басталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс сауапты амалдар

Екінші ай —  Сафар айы "суфрун" сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда "сары, сарғаю" деген мағына береді. Сафар айы ең алғаш туғанда күз мезгіліне келіп, жер әлем сарғайып жатқандықтан, оған осы ат берілген екен. Сафар айының басында үш күн, ортасында үш күн, соңында үш күн нәпіл ораза ұстауға болады. 

Үшінші ай — Рабиғ әл-әууал айы. Алланың соңғы елшісі ардақты Пайғамбарымыз осы айда дүниеге келген деседі. Әуел баста мұсылмандар бұл айға аса мән бермесе де, соңғы жылдары Пайғамбардың туған айы ретінде "мәуліт" деп тойланып жүр. Бұл ай сондай-ақ бірінші көктем деген мағына береді. 

Мұсылман күнтізбесіндегі төртінші ай — Рабиғ әс сәни айы немесе екінші көктем деген ай. 

Жумада Әууәл айы — жаздың бірінші айы, яғни, аударғандағы мағынасы — шөлді жердің бірінші айы. Мұсылман күнтізбесіндегі бесінші ай. 

Жумада Ахир айы — мұсылмандардың алтыншы айы. Бұл айда Пайғамбарымыздың қызы Фатима дүниеден өткен. 

Мұсылман күнтізбесінің жетінші айы — Ережеп, яғни, Рәжәп айы ең құрметті төрт айдың бірі. Бұл айда исламға дейін де, кейін де соғыс болмаған. Соғысуға болмайтын ай. Қазақ тіліне аударғанда сыйластық деген мағынаны білдіреді. 

Һижрадағы сегізінші ай — шағбан айы. Пайғамбарымыздың "Шағбан — менің айым, Ережеп — Алланың айы, Рамазан — үмбетімнің айы" деген хадисі бар. Шағбан айының он бесінде қасиетті Бәраат түні туады. 

Тоғызыншы ай — қасиетті Рамазан айы. Бұл ай мұсылманға етене таныс ай. Өйткені, бұл айда мұсылмандар таңнан кешке дейін ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық еткен. Рамазан айында қасиетті Қадір түнін қарсы аламыз.

Тағы оқыңыз: Құрбан айт жайлы не білуіміз керек?

Оныншы ай — Шәууәл айы. Бұл айда алты күн ораза ұстаған адам бір жыл ораза тұтқанмен тең сауап алады. 

Мұсылман күнтізбесіндегі он бірінші ай — Зулқағда айы. Бұл да Алла қасиетті деген төрт айдың бірі. 

Жыл соңы — он екінші ай Зулхиджа айы. Мұсылмандардың Меккеге қажылық жасайтын қасиетті айы осы. 

Ең құрметті төрт ай және олардың қасиеті болу себебі 

Алла Тағала он екі айдың ішінде төрт айды аса құрметті етті. Олар —  Зулқағда,Зулхижжа, Мұхарам және Режеп айлары. Айбек Әбдіқадыр бұл айлардың неге қасиетті болғанын былай әңгімелеп берді: 

Неке жүзігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?

Зулқағда деген сөздің қазақша мағынасы — отыру, отырушы дегенді  білдіреді. Олай аталуының себебі — араб халықтары бір-бірімен жиі соғысқан. Жылдың көп уақытын өзара шайқаспен өткізген. Бірақ, кейбір айларда мүлдем соғыспайтын болған. Міне, сол соғыспайтын айдың бірі — осы. 

Зулхижжа айы. Бұл айдың атауындағы "хижжа" сөзі  қажылық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қажылықтан айырмашылығы болғанмен, бұрынғы адамдар да қажыға баратын. Мекке қаласына келген арабтар қажылық өтеген екен. Сондықтан, осы ай Зулхижжа деп аталады. 

Үшіншісі — Мұхаррам айы. Бұл айдың аты "харам", яғни, арам деген мағынадан шығады. Бұл айдың атауы неге харам деген сөзбен түбірлес болды дегенге келсек, харам деген сөздің шын мағынасы негізінде қасиетті дегенді білдіреді. Бұл сөздің философиялық мағынасы да терең. Мәселен, сіз үшін өте қасиетті  нәрсе болса, оған барып біреу қол салса, сізге қасиетті нәрсе, оған харам болып шыға келеді. Сонда ол үшін харам нәрсе сіздің қасиетті дүниеңіз. Мұхаррам деген сөз өте қасиетті дегенді білдіреді. Және арабтар исламға дейін де бұл айда соғыспаған екен. Бұл да болса Мұхаррам айының қасиетін арттыра түседі. 

Тағы оқыңыз: "Бейуақта" неге ұйықтауға болмайды?

Төртінші ай — Раджап (Режеп, Ережеп) айы. Бұл айтылған айлар бірінен кейін бірі келсе, Раджап айы жылдың ортасында келеді. Жетінші ай. Ражап — Ұлықтау деген мағынаны білдіреді. Арабтар өз қалауарынша айларды өзгерте алатын, бірақ дәл бұл айды өзгертпей отырған екен. Сондықтан да, бұл айды Ражап-мадар, мадарлардың ражап айы деп атаған. Бұлар үшін осы ай ұлық болған. 

Бұл төрт ай мұсылмандар үшін өте қасиетті. Бірақ, бұған қарап өзге айлардың қасиеті жоқ деп айтуға мүлде болмайды. Өзге айлардың да өзіне тән қасиеті мен ерекшелегі бар. Бірақ, Алла Тағала — өз пендесіне  бір артықшылық беріп, осы төрт айдағы сауапты еселей түскен.

Дініміздегі зинадан да ауыр күнә туралы

Жаңалықтар
0