15:59 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
397202

Оксана Тен Қазақстан халқынан сұхбат беруге әлі дайын емеcтігіне түсіністікпен қарауды сұрады

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы анасы ұлының өлімінен кейін алғаш рет халыққа өтініш білдірді.

Оксана Тен атақты спортшының бүкіл туысының атынан Қазақстан халқына және халықаралық қауымдастыққа қайғыға ортақтасып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Тендер отбасы Дениске үнемі қолдау көрсетіп, көмектескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, сонымен бірге мемлекеттік органдар мен Алматы әкімдігіне жеке алғысын білдірді.

Тағы оқыңыз: Денис Теннің өлімі: ұсталған үшінші күдікті кім?

"Трагедия болған күннен бері қазақстандық және халықаралық БАҚ өкілдері бірнеше рет хабарласты. Денистің қазасына әлі күнге сенбей, есімізді жия алмай отырмыз, сол себепті қазір тілшілердің сұрағына жауап беруге шамамыз жоқ. Ортақ қайғымызға және сұхбат беруге әлі дайын емес екендігімізге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұлымыздың даңқты есімін жадымызда сақтап, құрметпен еске алайық!" — деді Оксана Тен, деп жазады "Казинформ".

Жиырма бес жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда кісі қолынан қаза тапты. Күндіз сағат үш кезінде мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түседі. Спортшы олардың артынан қуып, арада жанжал туындап, автоұрылардың бірі Денистің жамбасына пышақ сұққан. Бір жарым сағаттан кейін Денис Тен көп қан жоғалтып ауруханада жан тапсырды.

Тағы оқыңыз: Балғынбек Имашев Денис Теннің өлімі туралы: қазақ өлтірді деп намыстанудың реті жоқ

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші адам ұсталды
Денис Теннің туыстары Алматы тұрғындарына үндеу тастады
Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді
Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?
Денис Теннің өлімі: Арман Құдайбергеновтің 10 күн бұрын Астанада ұсталғаны рас па?
ІІМ Денис Теннің өліміне қатысты: әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттар жалған
Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, кісі өлімі, қайғылы оқиға, отбасы, Денис Тен, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып