Қоғам

Желіде Денис Теннің әні жарияланды

© Sputnik / Алексей СтефановДенис Тенді еске алу
Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дарынды спортшы маусым айының соңында әлеуметтік желіде бейнеролик жариялап, ән жазғанын хабарлап еді

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Алматыда қаза болған Денис Теннің She won't be mine (Ол менікі болмайды) әні интернетте жарияланды. 

"Денис Тенді талантты музыкант ретінде мәңгі есте сақтайық. Ол жуырда өзінің жеке шағын альбомын шығаруды жоспарлап жүрген еді. Назарларыңызға Денистің "She won’t be mine" атты әнінің ресми нұсқасын ұсынамыз. Туындыны біздің OfficialGakku телеграм-каналымыздан тыңдап әрі жүктеуге болады", — деп хабарлады Gakku телеарнасы Instagram-дағы парақшасында. 

Тен бұл ән туралы маусым айының соңында хабарлаған еді. Әннің қалай жазылғаны жайлы төрт минуттық бейнеролик жариялаған болатын.

Қайғылы 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0