Қоғам

Денис Теннің қазасы: Назарбаев тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы кеше Алматыда кісі қолынан қаза тапты

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Денис Теннің қазасына байланысты бас прокурор мен ішкі істер министріне тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысы бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ оның жіті және объективті тергелуін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды", — делінген хабарламада.

Денис Тен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне кім кінәлі? Қасымовтың отставкаға кетуімен мәселе шешіле ме?

Денис Теннің өлімі

Еске сала кетсек, трагедия 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

Денис Теннің аман қалуы мүмкін бе еді?

Полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0