14:06 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
531 0 0

Соңғы жарты жыл ішінде жемқорлық жасаған 700-ден астам тұлғаның қылмысы әшкереленді

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірінші жартыжылдықта жемқорлыққа қарсы күресте қол жеткізілен нәтижелерге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шпекбаев барлық салада жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жасалған сыбайлас жемқорлықтың жүйелі деректері ашылғанын атап өтті. 

"Тек соңғы жартыжылда 700-ден астам адам, оның ішінде 18-і республикалық, 55-і облыстық, 101-і қалалық және аудандық буындардың басшылары анықталды. Олардың арасында энергетика вице-министрлері, сыртқы саясат ведомствосының жауапты хатшысы, ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің төрағасы мен төраға орынбасары, Ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі судьялар бар", — деп мәлімдеді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларының (кеден бекеттеріндегі пара), Ақмола (өндірушіге қамқорлық) және Маңғыстау (браконьерлерге қамқорлық) облыстары ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдасқан қылмыстық топтар әшкереленді. 

"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының денін жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдары мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған", —деді Шпекбаев. 

Ол лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласу жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Назарбаев Түркістан облысында жемқорлық деңгейі жоғары екенін атады

"Агенттік 300-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғады, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3 есеге көп. Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9,7 миллиард теңгеге өсті. Бұл шамамен өткен жылмен салыстырғанда (5,9 млрд теңге) 4 миллиард теңгеге көп, оның 8,5 миллиард теңгесі немесе 88 проценті өтелді. Тергеу барысында күдіктілердің 4,6 миллиард теңгенің мүлігіне тыйым салынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 4 есеге артық", — деп түйіндеді агенттік төрағасы.

Тақырып бойынша

Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қылмысын кімдер көп жасайтынын айтты
Дуамбеков: Қазақстанға келгісі келетін инвесторды, ең әуелі, жемқорлық жағдайы қызықтырады
Солтүстік Қазақстанда екі рет жемқорлық жасаған адам мектеп директоры болды
Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға қанша ақша төленді?
Ішпекбаев: көп ұзамай елімізде тұрмыстық жемқорлық жойылады
Қытайда жемқорлық жасады деп айыпталған генерал-полковник өзіне қол салды
Кілт сөздер:
мемлекеттік органдар, сыбайлас жемқорлық, Алик Шпекбаев
Загрузка...

Басты тақырып