Қоғам

Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыдағы теракт, 18 шілде 2016 жыл
Алматыдағы теракт, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жылдың 18 шілдесіндегі оқиға бүкіл елдің зәресін ұшырған еді. Жалғыз террорист Алматы көшелерінде полицейлерге оқ жаудыра бастаған. Sputnik Қазақстанның тілшісі сол қорқынышты күнді еске алып отыр.

Александр Мироглов

Ешкім елдің ең ірі мегаполисінде мұндай жантүршігерлік оқиға болады деп ойламаған еді. 2016 жылдың 18 шілдесінде Руслан Күлекбаев қарапайым азаматтарға тиіспеген. Оның көздегені — формадағы адамдар еді. Яғни, ол қарапайым халыққа емес, мемлекетке, оның заңдары мен ережелеріне қарсы "соғыс" жариялаған. 

"Автомат асынып, полицелерді жайратып жүр" 

Әдеттегі кеңседегі жұмыс күнінің басы болатын. Қатты ұйқым келіп тұрғанмен, Алматыдағы өткен түнде болған жол апаттары және ұсталған азаматтар туралы материал жазу керек болды. Жұмыс жүрмей тұрған, ойымда тек жұмсақ жастық пен тәтті ұйқы. 

Қолына кісен салынған әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның тумасы Ростов қаласында теракт дайындағаны үшін айыпталды

Тек әріптесімнің телефон қоңырауы ұйқымды шәйдай ашты. "Саша, базар маңында не болып жатыр?". Сөйлесуге де ерініп тұрған мен "Не болып қалды?" — деп қана жауап бердім. "Көшеде автомат асынған бір жігіт полицейлерді шетінен атып жатыр. 20 минут болды". 

Не сенерімді, не сенбесімді білмей, есеңгіреп қалдым. Бұл досым сол кезде Қазақстандағы ең ірі баспалардың бірінде бас редактор еді. Сондықтан қалжыңдауы мүмкін емес. Бірақ, дұрыс байқамаған шығар, тіпті, көзіне елестеп кеткен де шығар деп ойладым. Ойымды жинақтап алып, шәй ішуге кетіп бара жатқан жүргізушіні тоқтаттым да, Никольский базарына қарай тарттық. 

Оқиға орнына бара жатқанда телефоныма бірінен соң бірі әріптестерім мен таныстарым хабарласып, не болып жатқанын сұрайды. Мен қайдан білейін? Ақпараты аз хабарламалар мен телефондағы әңгімелерге сүйеніп, не болып жатқанын айта алмайсың ғой. 

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГоголь мен Абылай хан көшесінің қиылысы: 2016 жылы 18 шілдеде Руслан Күлекбаев форма киген адамдарға оқ атты
Гоголь мен Абылай хан көшесінің қиылысы: 2016 жылы 18 шілдеде Руслан Күлекбаев форма киген адамдарға оқ атты - Sputnik Қазақстан
Гоголь мен Абылай хан көшесінің қиылысы: 2016 жылы 18 шілдеде Руслан Күлекбаев форма киген адамдарға оқ атты

Алмалы ІІБ маңындағы өлі тыныштық

Қарасай батыр көшесінде тірі жан қалмағандай көрініс тұрды. Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының маңындағы бірнеше патрульді көлік бос жатты. Қарапайым азаматтардың да көліктері көрінген жоқ. Бір адамды жедел жәрдем қызметі әкетіп барады екен. Фотоаппаратты алып шығайын десем, өте қауіпті болды: қолымдағы қару деп ойлап қалуы мүмкін еді. Қоршалған жерде маған арқасымен тұрған полицей автоматының шүрпін қысып тұрды. Бірақ, қолымдаңы фотоаппаратты көрген соң, кері бұрылды. Баспасөз өкілдерін қууға шама жетпеген сирек жағдайдың бірі осы еді. 

Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында не болғанын кейінірек ресми органдар жариялайды. Дәл сол сәтте патрульдік күзеттің рациясынан Алматы ішкі істер департаментіндегі кезекшінің бос экипажды жедел түрде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қалалық департаментіне жіберіңдер деген жан дауысы шығып жатты.  Ол жерде автомат кезенген қылмыскер кезекші патрульді атып кеткен екен. Көліктегі полицейлердің бәрін Күлекбаев қырып тастаған. 

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
2/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
3/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
4/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
1/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
2/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
3/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл
4/4
Алматыда атыс болған жерде жүрген полицейлер, 18 шілде 2016 жыл

Алматылықтар мессенджер арқылы тараған жалған ақпараттан зәрезәр болды 

Қаладағы қанды қырғын туралы тұрғындар әрине мессенджерлер арқылы білді. Бір-бірінен асып түсетін қорқынышты хабарламалар. Қылмыс менің көз алдымда болып жатқанмен, толассыз келіп жатқан фейк ақпараттарға қарап, өзім де қорқа бастадым: үйдегілерге сыртқа шықпаңдар деген "бұйрық" берілді. 

Судья алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа шығарылған үкімді оқып тұр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Алматылық атқыш" Күлекбаев өлім жазасына кесілді

— 598-ші (дәл есімде жоқ, одан бері көп уақыт өтті), тез мына ақпараттың рас өтірігін тексеріңдер: Жұлдыз шағын ауданы жағынан жүзге тарта адам ағылып келеді, сырттай экстремистерге ұқсайды, — деген полицейдің дауысы шықты. 

— Құп болады! — деді дабыл дауысының арасынан экипаж командирі. 

Ақпарат расталған жоқ. Қайта, әлгі адамдардың кім екені анықталды: вокзалға бомба қойылды деген жалған ақпараттың кесірінен пойыздардың бірі жолаушыларды "Алматы-1" вокзалына жетпей түсіріп кеткен екен. 

Тағы оқыңыз: Сарапшы Күлекбаевтың тіпті намаз оқымайтынын айтты

Сол күні Руслан Күлекбаев расымен бәрін де қорқытып жіберді. Алматыда бұрын-соңды тапа-тал түсте мұндай атыс болмаған, сондықтан, қылмыскерге төтеп беруге дайын емес еді. 

Күлекбаев болса, елес сияқты, біресе ана жерден, біресе, мына жерден шыға келді. 

© Sputnik / Анатолий УстиненкоРуслан Күлекбаев сот залында тұр
Руслан Күлекбаев сот залында тұр - Sputnik Қазақстан
Руслан Күлекбаев сот залында тұр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалалық департаментінің жанындағы атыстан кейін Күлекбаев оқиға орнынан қашып кетіп, "Астана" алаңындағы Қазақ-Британ техникалық университетінің жанына барған екен. Кейін анықталғандай, ол өте аз уақытта тағы бір патрульді жайратып, бір тұрғынды жаралаған және көлігін тартып алғысы келіп, шекара қызметінің бір қызметкерін атып тастаған.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан түрмелерінде 400 радикал жазасын өтеуде

Университеттің көлік тұрағында адам көп еді. Қарапайым азаматтар қансырап жатқан полицейлерге көмектесуге тырысты. Фонтан мен ағаштар арасында формадағы адамдар жүрді. Өтіп бара жатқан адамдар атыс болып жатқан жерден қашудың орнына, тоқтап, не болып жатқанын сұрай берді. Болып жатқан оқиға қорқынышты киноға ұқсас еді. 

Қазақконцерт ғимаратының жанында бір әріптесімді кездестірдім. Ұзын бойлы, сақалы бар, түр-тұлғасы азиаттық еді. Сондықтан, оның сырт келбеті бәрінің назарын өзіне аударды. Мынадай оқиға болып жатқанда ол нағыз "радикал"-ға ұқсап кетті. 

Айналасын видеоға түсіріп тұрған оған полицейлердің көзі де түсті. Полиция қызметкерлері әріптесімнен қызметтік куәлігін көрсетуді талап етті. Бірақ, мылтық дауысын естігенде редакциядан атып шыққан әріптесім фотоаппаратын да, қызметтік куәлігін де ұмытып кеткен екен. Абзал болғанда, басқа да әріптестеріммен қосылып, оның "террорист" емес, журналист екенін дәлелдедік. 

Тағы оқыңыз: Челах пен Күлекбаев жазасын өтеп жатқан түрме

Руслан Күлекбаевты кім тоқтатты 

Күлекбаев Алматы мемлекеттік кірістер департаментіне қарай бағыт алған. Сол жерде кезекшілікте отырған старшина Аян Ғалиев мылтық дауысын ести сала, далаға жүгіріп шыққан екен. Сол жерде Күлекбаев екеуі бетпе-бет кездескен. Екеуі де оқ атып үлгерген, екеуі де жараланады. Осылайша, ақыры Күлекбаев қолға түседі. Біраз уақыттан кейін қала билігі Аян Ғалиев ерлікпен қаза тапқанын хабарлады. Ол аурухана төсегінде жатып көз жұмған. 

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАян Ғалиев мылтық дауысын естіп, далаға атып шығады. Сол жерде Күлекбаев екеуі бетпе-бет кездескен. Екеуі де оқ атып, жараланады. Күлекбаев қолға түседі. Аян Ғалиев ауруханада көз жұмды.
Аян Ғалиев мылтық дауысын естіп, далаға атып шығады. Сол жерде Күлекбаев екеуі бетпе-бет кездескен. Екеуі де оқ атып,  жараланады. Күлекбаев қолға түседі. Аян Ғалиев ауруханада көз жұмды. - Sputnik Қазақстан
Аян Ғалиев мылтық дауысын естіп, далаға атып шығады. Сол жерде Күлекбаев екеуі бетпе-бет кездескен. Екеуі де оқ атып, жараланады. Күлекбаев қолға түседі. Аян Ғалиев ауруханада көз жұмды.

Күлекбаевтан кейінгі қорқыныш Алматыда көпке дейін сақталды. "Вокзалға бомба қойылды, ірі сауда орталығында адамдар кепілге алынды, күдік тудыратын сөмкелер табылды" деген ақпараттар 102 пультіне сағат сайын келіп жатты. Әрбір ақпарат мұқият тексерілген. Өйткені, Күлекбаев өзінің кез келген бұрыштан шыға келетінін дәлелдеген еді. Осы жағдайда, егер полиция қызметкерлері оқ атуға уәкілетті болса, қаза тапқандардың да саны аз болар еді. 

Полияция неге табельді қару қолданбайды

Күлекбаевтың Алматыдағы шабуылы көпке дейін ел есінен кеткен жоқ. Оның үстіне, осы оқиғадан бір ай бұрын Ақтөбеде болған теракт да ұмытылмаған еді. Екі оқиғаға да қатысты халықтың айтқан пікірі бір-біріне ұқсас. "Полицейлер өзін қорғай алмаса, халықты қайтып қорғайды?" деген сұрақ әрбір азаматтың ойына келген шығар. Ал, Руслан Күлекбаевтың да мақсаты осы еді: ол қарапайым халықтың жүрегіне полицияға деген сенімсіздік орнатып кетті.

Алматыдағы атыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ішкі істер бөлімі басшысы Алматыдағы теракт кезіндегі әрекетсіздігі үшін сотталуда

Бірақ, сол оқиғадан бірнеше жыл бұрын қызмет барысында қару қолданғаны үшін кінә артылып, сотталған полицейлердің жағдайы ешкімнің де есіне түскен жоқ. Әрине, сол оқиғалардың бәрінде погон таққандардың бәрі кінәсіз еді деуден аулақпын, бірақ, сол істердің арасында жүргенде менің байқағаным, қылмыстық істерді қарайтын жедел полицей де, жай кезектегі полицейлер де төтенше жағдайда заң аясында тиісті жарғыға сәйкес әрекет етсе де, заңнаманың құрбанына айналған. Өйткені, билік полицейлердің қару қолдануына қарсы екенін көрсету үшін біреулерді соттау керек болды. 

Тағы оқыңыз: Күлекбаев: мен кез келген жазаға дайынмын

2014-2015 жылдары полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шыққанымда, кезекшілікке түскен полицейлер табельді қаруларын көлікке тығып, белдеріне "Макаров" травматикалық қаруын салып алатынын көп көрдім. "Неге?" деген сұраққа: "Сенікі дұрыс болса да, теріс болса да, оқ атсаң, сотталасың. Ал, "Макаров" мылтығынан атсаң, тірі қалуы мүмкін. Яғни, сен де сотталмайсың деген үміт бар" деп жауап беретін. 

"Алматылық мергеннің" қолынан қаза тапқандар 

Әр жылдың 18 шілдесі елдегі әрбір полицей үшін маңызды датаға айналады. Қырыққа, тіпті, отызға жетпей қаза тапқан полицейлерді Астана, Алматы, Семей, тіпті шалғайдағы Ақтау қаласында да еске алатындар бар. 

Капитан Бауыржан Нұрмаханбетов, лейтенаттар Тимур Бекасылов пен Мейрамбек Рахматуллаевтар, старшина Аян Ғалиев, аға сержант Серік Әбілдаев, отставкадағы полковник Ғани Нұриманов, кіші сержанттар Жалғас Келдібаев пен Мақсат Сәлімбаевтар террористің қолынан қаза тапқан полицейлер.

Нұрмаханбетов пен Нұримановты өз басым танитынмын. Олармен журналистік қызметім таныстырған. Олар қаза тапты дегенді естігенде, террористік шабуыл кімді де болса, айналып өтпейді деген ой денемді түршіктірді. Мен таныстарымды өзім барып ақтық сапарға шығарып салсам да, олардың жоқ екеніне сене алмадым. Олардың өлгеніне әлі де әрең сенемін. 

Автордың көзқарасы редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін. 

5 маусымдағы Ақтөбедегі қанды қырғынның белгісіз тұстары

Жаңалықтар
0