Қоғам

Алматыда ерлі-зайыпты Храпуновтардың соты басталады

© Sputnik / Рамиль СитдиковСот ісі
Сот ісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот процесінің материалдарына сүйенсек, айыпталушылар қатарында Виктор мен Лейла Храпуновтардан бөлек тағы он адам бар. Бастапқы тыңдау 26 шілдеге белгіленген

АЛМАТЫ, 18 шілде — Sputnik. Виктор және Лейла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және тағы тоғыз адамға қатысты іс биыл 17 шілдеде соттың қарауына қабылданды.

Фемида - Sputnik Қазақстан
Саясат
АҚШ соты Қазақстан Республикасының Храпуновтар ісін қарау туралы өтінішін қабылдады

Алматының бұрынғы басшысы, әйелі мен сыбайластары ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша айыпталады. Тағылған айыптар – мемлекет мүлкін қымқыру, билігін асыра пайдалану, алаяқтық және пара алу, қылмыстық жолмен тапқан мүлкін заңдастыру және тағы басқаралы. Келтірілген шығын сомасы шамамен 86 миллиард теңге.

Қазақстандағы танымал ерлі-зайыптылар көп ұзамай жазаға тартылатынын сезіп, бірнеше жыл бұрын елден кетіп, қайтып оралмаған еді. Храпуновтар бірнеше рет БАҚ арқылы Қазақстанға тергеуге шақырылды, бірақ қашқын жұп оны елеген жоқ.

Қожамжаров Храпуновтардың тиісті жазасын алатынына уәде берді

Заң бойынша сот айыптылардың жоқтығына қарамастан істі қарауға шешім қабылдады.

Бастапқы тыңдау 26 шілде күні сағат 9-да болады.

Жаңалықтар
0