Қоғам

Алматыда дау тудырған алып тиін сатуға шығарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы "Тиін" арт-нысаны
Алматыдағы Тиін арт-нысаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабарландырудың авторы арт-нысанды 25 миллион теңгеге бағалады

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Әзілқойлар Алматының "Атакент" алаңына орнатылған Алекс Ринслердің 12 метрлік мүсінін "сатуға" қойды.  

Тегін жарнамаларға арналған танымал сайтта "12 метрлік тиінді сатамын" деген тақырыппен хабарландыру жарияланды.

© OLX сайтындағы хабарландырудың скриншотыЖеліде алматылық Тиін сатылатыны туралы хабарлама жарияланды
Желіде алматылық Тиін сатылатыны туралы хабарлама жарияланды - Sputnik Қазақстан
Желіде алматылық Тиін сатылатыны туралы хабарлама жарияланды
 Хабарлама авторы мүсінге 25 миллион теңге сұраған. Бұған дейін автор арт-нысанды 23 миллион теңгеге немесе 67 мың долларға бағалаған еді. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұрт мүсінге осыншама қомақты ақша жұмсалғанына наразылық білдірді.   

Қолданушылардың бірі жасырын түрде күлкілі шағын блок ашып, Тиіннің атынан арандатушы және әдепсіз хабарламалар жазып жатыр.

 Алматыдағы алып Тиіннің құны белгілі болды

Осындай жағдай өткен жылы ЭКСПО-2017 кезінде болған еді. Ол кезде халықаралық көрменің басты нысаны – "Нұр Әлем" сферасы "сатуға" шығарылды.  


Жаңалықтар
0