Қоғам

"KADEX"-тегі кісі өлімі: Марқұмның отбасына неге көмек көрсетілмегені анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновКАDEX-2018 халықаралық қару-жарақ көрмесі
КАDEX-2018 халықаралық қару-жарақ көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қаза тапқан ер адамның отбасы ақша аударатын есепшотты әлі ұсынбаған

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов "KADEX" көрмесінде қаза тапқан ер адамның отбасына неге әлі көмек көрсетілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бейбіт Атамқұлов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атамқұлов KADEX-те көз жұмған адам жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады

"Біз ақша аудару үшін есепшот сұрадық. Алғаш болып көрменің оператор компаниясы сұрады, кейін министрлік жүгінді. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай есепшот алған жоқпыз. Сондықтан біз қазір күтіп отырмыз", — деді Атамқұлов үкімет кулуарында. 

Еске сала кетсек, 24 мамырда Астанада өткен "KADEX-2018" көрмесі аумағында қатты желден стенд құлап, ер адам қаза тапқан еді. Ер адамға алғашқы көмек көрсетілгенмен, ол ауруханада көз жұмған. Құлаған жарнама конструкциясын "Астана Экспо КС" ЖШС компаниясы жалдаған мердігер орнатыпты.

KADEX-те көз жұмған ер адамның ұлы: министрдің сөзі есеңгіретіп тастады

Жаңалықтар
0