Қоғам

Назарбаев табысты болуының құпиясын ашты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото
Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда күні қарсаңында Қазақстан басшысы балалық шағы қайда өткенін әңгімелеп берді

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев табысқа жетуіне не көмектескенін айтты.

Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында президенттің сұхбатынан үзінді жарияланды. 

"Біз үлкен өзен бөліп жатқан ауылда тұрдық. Оның басты ерекшелігі сол, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Мен таулардың арасында тудым. Күн сайын шыңды көрдім. Қазақта кім шыңға қарап туса, сол шыңға шығуға ұмтылады деген сөз бар. Бұл кездейсоқ болмаса керек", — деді Қазақстан басшсы.

Бұған дейін президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев жеке өмірі жайлы айтқан бірнеше видеоны жариялады.  


Жаңалықтар
0