Қоғам

Жасөспірімді соққыға жыққан экс-әкімге қатысты сот шешімі шықты

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланы ұрып-соққаны үшін бұрынғы шенеунікке айыппұл салынды

КӨКШЕТАУ, 27 маусым — Sputnik. Қорғалжын аудандық соты мектеп оқушысын ұрып-соққан Қорғалжын ауылының бұрынғы әкімі Жанат Омаровтқа жаза тағайындады, деп хабарлайды Sputnik.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облыстық сотында жасөспірімді соққыға жыққан әкімнің ісі қаралып жатыр

Жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Баланың анасы айтқандай, 2018 жылы 22 ақпанда жасөспірім Омаровтың 12 жастағы ұлын ұрып-соғыпты. Содан кейін әкім интернатқа барып, әйелдің ұлын соққыға жыққан көрінеді. Бала есінен танып, аудандық ауруханаға түскен. 25 ақпанда оны елордалық ауруханаға ауыстырды. Қорғалжын полициясы аталған іс бойынша бастапқыда қылмыстық іс қозғап, кейін тоқтатқан еді.

Тергеу аясында жүргізілген екі сот-медициналық сараптама көрсеткендей, жасөспірімнің денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген. 2017 жылы "Адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы қылмыстық кодекстен алынып тасталған. Соған байланысты қылмыстық іс тоқтатылыпты. Алайда бұрынғы әкімге қатысты ӘҚБК "Адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Құқық қорғаушылардың бұл шешімі оқушының ата-анасының наразылығын тудырды. Олардың мәлімдеуінше, бұрынғы әкімді әдейі жазадан құтқармақ. Оның үстіне, жасөспірімнің әкесі айтқандай, тергеу кезінде шенеуніктің туған-туыстары мен таныстары қоқан-лоққы жасап, кейін арызды қайтып алу үшін ақша да ұсынған. Айта кетейік, облыстық шенеуніктер тергеудің аяқталуын күтпей ауыл әкімін қызметінен шығарып жіберді.

"Сот қаулысы бойынша Жанат Омаров ҚР ӘҚБК 73-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Жаза ретінде 15 АЕК айыппұл салынады", — деп мәлімет берлі Ақмола облыстық соты Sputnik агенттігіне.

Ведомство атап өткендей, сотталушы айыпталған баптан тысқары жаза тағайындау мүмкін емес.

"Бап бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", — деп түсіндіреді сот.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот тағайындаған қосымша сараптама жасөспірімнің денсаулығына жеңіл-желпі зиян келгенін анықтаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен>>

Ақтөбеде екі жігіт жасөспірімді зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген>>

Жаңалықтар
0