11:52 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астананың 20 жылдығы (20)
185 0 0

Жұмыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ, демалыс күндерінің саны жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты болады

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан тұрғындары алдағы Астана күнін тойлауға байланысты екі немесе үш күн демалады.

Биыл мереке күні – 6 шілде жұмаға сәйкес келіп тұр. 

"Электронды үкімет" сайтында жарияланған меереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, одан кейінгі 7 және 8 шілде сенбі мен жексенбіге түседі. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6,7 және 8 шілдеде демалады. 

Ал алты күн жұмыс істейтін азаматтарға 7 шілде жұмыс күні болып қалады, олар тек 6 және 8 шілдеде демалады. Жұмыс күндері ауыстырылмайды. 

Биыл Қазақстан елордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. 


Тақырып:
Астананың 20 жылдығы (20)
Загрузка...

Басты тақырып