Қоғам

Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?

CC0 / / Жас жұбайлар
Жас жұбайлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Венера Назарбаеваның қайын жұрты туралы Sputnik материалында

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Назарбаевтар отбасымен құдаласқан Шайжүнісовтер әулеті туралы Sputnik материалынан біле аласыз.

Қалыңдық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаеваның жалғыз қызы туралы қызықты деректер

Венера Назарбаева мен Дәлен Шайжүнісовтің үйлену тойы сенбі күні өтті. Қазақстан президентінің жиенін өмірлік жары еткен азаматтың кім екені барша жұртқа қызық. Назарбаевтардың фамилиясы елімізден тысқары аймаққа да танымал болса, Дариға Назарбаеваның қызының жары қазақстандықтарды бір елең еткізді.

22 жастағы Дәлен Шайжүнісов туралы Желіде көп ақпарат жоқ. Кей деректерге сүйенсек, 1995 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы университетті "Заңгерлік" мамандығы бойынша тәмамдапты. Астана тұрады екен. Венера мен Дәлен екі жыл бұрын танысқан.

Шайжүнісовтер әулеті

Жалпы айтқанда, Шайжүнісовтер әулетін көпшілік біледі. Әулеттің түп-тамыры – Шығыс Қазақстаннан. Арғы атасы – социалистік еңбек ері, танымал ұстаз Жақия Шайжүнісов (1914–1983). Семейдегі орталық көшелердің бірі мен қаржы колледжі осы кісінің құрметіне аталған.

Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаеваның қызының тойы: жас жұбайлар туралы не білеміз?

Шайжүнісовтер әулетінен шыққан тағы бір белгілі тұлға – Маркен Шайжүнісов – Семейдің құрметті тұрғыны. Әр жылдары жоғары лауазымды иеленген: Семей облысының әкімі, Семей қаласының әкімі болып істеген, Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесіне сайланған, Қазақстан парламентінде депутат болған, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

1944 жылы туған Тоқан Шайжүнісов Венера Назарбаеваның қайын атасы атанды, "Востокказколхозстрой" трестінде басқарушы, Өскемендегі "Казгипроцветмет" ЖШС президенті болған. Үлкен ұлы – Сергей Шайжүнісов —"Қазқұбырөнеркәсіп" АҚ, "КазПетроМашКоммерц" ЖШС басқарады.

Дариға Назарбаеваның күйеу баласының ағасы Аллен Шайжүнісов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Жаңалықтар
0