17:14 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
22701

Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойыздың машинисі ұсталған жоқ. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "КТК" телеарнасы Астана-Алматы бағытындағы пойызды басқарған машинистің ұсталғанын хабарлаған еді. БАҚ ақпаратынша, жолаушылар вагоны аударылған учаскеде кезекшілік атқарған теміржол жұмысшыларынан да жауап алынған. 

"Оны ұстады деп кім айтты? Бұл жалған ақпарат, одан бар болғаны жауап алынып, кейін босатты. Бұл деген тұтас бір қылмыстық іс, сараптама жүргізіледі", — деді Қасымов үкімет отырысынан кейін. 

Машинистің ұсталмағанын бірінші инвестициялар және даму министрі Роман Скляр де растады. 

"Жоқ, ешкімді ұстаған жоқ. Тергеу объективті, ашық түрде жүргізіледі", — деп сендірді Скляр.

Еске салып өтсек, 17 маусымда сағат 13.25-те Жамбыл облысының Шу ауданында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда барлығы 829 жолаушы болған, төтенше жағдай салдарынан бір бала қаза тапты. 25 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кілт сөздер:
пойыз апаты, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып