Қоғам

Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Асем МиржекееваДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреулер қанға боялған көліктің суретін жариялап, Димаш қаза тапты деп хабарлаған

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген өзінің өлімі туралы Желідегі жалған ақпаратты жоққа шығарды. 

Әнші Instagram парақшасында Желідегі ақпараттың скриншотын жариялаған. Онда қанға боялған көлік суретінің астында Димаштың қазасы туралы айтылыпты.

"Оларға сенбеңіздер. Мен тірімін. Туыстарым мұны интернеттен кездейсоқ көріп қалса қиналады. Баршаңызға бақыт тілеймін. Енді бұлай жасамаңыздар, достар", — деп жазды Димаш.

 

 

Жаңалықтар
0