Қоғам

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуҮй
Үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ипотекалық бағдарлама осы жылдың екінші жартыжылдығында жүзеге асырыла бастайды

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасы қашан басталатынын нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев қазақстандықтардың Астана банкіндегі салымының тағдыры не болатынын айтты

"7-20-25" бағдарламасын мамырда қосамыз деп ешкім уәде берген жоқ. Бағдарлама осы жылдың екінші жартысында басталуы үшін мамырда барлық қажетті құжатты қабылдауға дайынбыз дедік. Оның үстіне бағдарламаны сәтті іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет. Қазір дәл сол өзгерістер сенаттың қарауында жатқан "валюталық реттеу туралы" заң жобасына енгізілген. Бұл түзетулерсіз бағдарламаны іске қосу қиын", — деді Ақышев сенат кулуарында. 

Ұлттық банк басшысы бағдарлама қабылданғанын, "Баспана" ипотекалық ұйымы құрылғанын атап өтті. 

"Қазір аталған ұйым әділет органдарында тіркеуден өтіп жатыр. Егер біз барлық шартты орындасақ, бағдарламаны осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап іске асыруға кірісеміз. Оның үстіне екінші деңгейлі банктермен барлық мәселені пысықтадық, қаржы секторымен өте көп кездесу өтті. Өйткені ертең азаматтар осы банктерге жүгінеді. Қазір Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер тарапынан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпыз", — деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0