18:20 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
72 0 0

Күзде Қазақстанда "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа көзқарастары мен тенденциялары" тақырыбындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Биыл күзде Қазақстанда мемлекет басшыларының қатысуымен "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудағы жаңа көзқарастар мен тенденциялар" тақырыбында Ресей мен Қазақстанның XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Sputnik агенттігіне берген сұхбатында РФ-ның Қазақстандағы тұрақты әрі өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қос мемлекеттегі туризм жайында сөз қозғады.

"Өңіраралық форум тақырыбы өте өзекті. Қазақстан мен Ресейде кез келген шетелдік SPA, "детокс" орталықтары мен басқа да медициналық-сауықтыру кешендерінен асып түсетін демалыс орындары бар. Біздің елдеріміз шетелдік туристерге көптеген мүмкіндік ұсынады. Бізде жай ғана демалып қоймай, әлемде басқа ешқайдан кездеспейтін табиғаты ерекше жерлерді, табиғи қорықтарды көруге болады", — дейді РФ елшісі.

Алексей Бородавкин сұхбат барысында қазақстандықтар Қырым түбегіне демалуға бара ала ма деген сұраққа жауап берді.

"Бүкіл қазақстандықтарға айтарым: Қырым баршаңызға ашық, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан, оның ішінде Қазақстаннан туристердің келуін күтеді. Онда теңіз, жайма-шуақ күн, тамаша жағажайлар бар, демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Биыл және алдағы маусымдарда Қырымға демалуға келетін жандар еш өкінбейді деп ойлаймын", — дейді Бородавкин.

Елшінің айтуынша, басқа да ресейлік демалыс орындары — Сочи, Минералды сулар (Кисловодск, Пятигорск, Железноводск, Ессентуки) бәрі қазақстандық туристерді асыға күтеді.

"Біздің де отандастарымыз Қазақстанға көбірек көңіл бөле бастайды деп үміттенемін. Алысқа ат арытудың қажеті жоқ. Сұлу табиғатты тамашалап, достарыңның арасында жайлы демалу үшін Қазақстан мен оның туристік нысандарына барған абзал", — деп сенім білдірді елші.

Кілт сөздер:
демалу, демалыс орындары, туризм, Қырым, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып