Қоғам

Астанадағы "Бәйтерек" тәулік бойы күзетке алынды

© Sputnik / Болат ШайхиновБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мереке күндері елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 3,5 мың полицей жұмылдырылады

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция көмитетінің төрағасы Игорь Лепеха Астананың 20 жылдығын мерекелеу кезінде елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: тарихта алғаш рет қазақтар астана үшін орын таңдай алды

"27 маусым мен 8 шілде аралығында астаналық гарнизон және іргелес аймақтар – Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы күшейтілген режимге көшіріледі. Жалпы мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы 3,5 мың полицей, оның ішінде Ұлттық ұланның 1,2 мың әскери қызметшісі жұмылдырылады. Сондай-ақ, ІІМ Орталық аппараты қызметкерлері тарапынан резервтік жиынтық жасақтар құрылады", — деді Лепеха ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Комитет төрағасы қалада бейнебақылау камералары белсенді орнатылып жатқанын атап өтті. 

"Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылуда. Бүгінгі таңда қала аумағының басым бөлігі камералармен қамтылған. Бұған қоса, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің ауласын 6 мыңға жуық камера орнатылды. Жұмылдырылған күштерді басқару мен үйлестіру мақсатында ІІМ жедел басқару орталығының базасында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен жедел штаб құрылды. Мұндай штабтар Астана мен өңірлік департаменттерде жұмыс істейтін болады" – деді ол. 

Қоқыс салынған пакет. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Таяуда Астана қоқыс жинаудың жаңа жүйесіне көшеді

Сондай-ақ, оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін орындарда ішкі істер органдарының басшылық құрамы тәулік бойы кезекшілік жасайды. 

"Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, жарылғыш пен қатты әсер ететін улы заттарды сақтау орындарын тексеру шаралары қабылдануда. Қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарды күзету күшейтіледі. "Бәйтерек" кешені тәулік бойы күзетке алынған", — деді Лепеха.  

Бұған қоса, көлік полициясының бөліністері станцияларда, теміржол вокзалдары мен әуежайда қоғамдық тәртіпті күшейтеді.


Жаңалықтар
0