Қоғам

Бурабай – ТМД елдеріндегі ең танымал демалыс орны

© SputnikБурабай
Бурабай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы демалыс орны ресейлік туристер арасындағы танымалдық бойынша Ыстықкөл мен Нарочьтан озып кетті

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. ТМД елдеріндегі демалыс орындары ішінде ресейлік туристер көбінесе Ақмола облысындағы Бурабайды таңдайды.

Жұмбақтас - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бурабай курортын шетелдік инвесторларға беруі мүмкін

ТурСтат сараптама орталығының мәліметі бойынша, демалушылар "Қазақстанның Швейцариясына" жазда 7-14 күн шамасында болып қайтады.

Жазғы демалысты өткізуде ең танымал бестік қатарына Бурабай демалыс орны, Қырғызстандағы Ыстықкөл, Беларусьтегі Нарочь көлі, Әзербайжандағы Бильгия мен Арменияда орналасқан Севан көлі кіреді.

ТМД елдеріндегі демалыс орындарында бір түннің құны 50 мен 100 доллар арасында. Бурабайда демалу үшін бір түнге 80 доллар төлейсіз. Ыстықкөлде демалыс сәл арзандау – 50 доллар, ал ең қымбаты – Каспий теңізіндегі Бильгя курорты – бір түн үшін 100 доллар.

Жаңалықтар
0