16:58 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
356 0 0

Депутат бүкіл халыққа 10 сотық жер үлестіріп беру мүмкін емес екенін айтады, өйткені оның инфрақұрылымын қамтамасыз етуге мемлекет қауқарсыз

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың айтуынша, билік 10 сотық жерге қатысты жағдайды талдап, халыққа түсіндіруі керек.

"Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды. Бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыны салмақтап, талдап, үкімет айту керек. Қай жерде тоқтауымыз керек, қай уақытқа дейін бұл бағдарламаны жасауға тиіспіз. Өйткені бүгін барлығына 10 сотық тиесілі дедік. Ал сол тиесілі жерін бере алмаймыз", — деді депутат "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.

Оның айтуынша, жеріміз кең байтақ болғанымен, оның бәріне инфрақұрылым тарту мүмкін емес.

"Сондықтан осыны талдап, халыққа жеткізу керек. Өйткені, бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады. Өкілетті орган осы мәселені зерттеп, шындықты айтуы керек деп ойлаймын", — деп түйді сөзін Өксікбаев.

Загрузка...

Басты тақырып