Қоғам

Баян Алагөзова жас астрофизик Исаак Мустопулодан қолтаңба алды

CC0 / pixabay.com / Қалам мен қағаз
Қалам мен қағаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баян Алагөзова дарынды оқушы жайлы көп оқығанын, танысқанына қуанышты екенін жеткізді

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова он бес жасар ғалым Исаак Мустопуломен кездесіп, қолтаңбасын алды. Қазақстандық Стивен Хокинг атанған тараздық жасөспірім Алматыға Гүлнәр Бажкенованың кітабының тұсаукесеріне келіпті.

"Тараздан шыққан кішкентай данышпан Исаак Мустопуло.  Кішкене рөлімізді ауыстырып, бүгін мен одан қолтаңба алдым. Әлбетте, ол жайында көп оқыдым, ал өзі мені білмейді екен, сөйтіп, міне, таныстық. Исаак — Гүлнәр Бажкенованың "Только не говорите, это слишком" атты кітабының кейіпкерлерінің бірі. Біраз бұрын Гүлнәр менің кітабымды оқыған, енді мен оныкін оқимын", — деп жазды Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Бажкенованың болмысы ерекше балалар туралы жазған кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Жаңалықтар
0