Қоғам

"Астана банкі" клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартты

© SputnikАстана банкі
Астана банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 мамырдан бастап коммерциялық банктің филиалдары мен бөлімдері жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. "Астана банкі" АҚ-да уақытша жұмыс режимі бекітілді: банктің филиалдары мен бөлімдері клиенттерге қызмет көрсету мерзімін қысқартты.

Астана банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Астана банкі" салымшыларының жүрек талмасы ұстап, естен танып жатыр

"2018 жылдың 11 мамырынан бастап "Астана банкі" АҚ филиалы мен бөлімдерінде клиенттерге қызмет көрсету бойынша уақытша жұмыс режимі бекітілді: дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-ден 16:00-ге дейін; Атырауда – 10.00-ден 16:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі — демалыс", — делінген банктің сайтында.

Айдың басында Астана банкі жеке тұлғалар үшін карточкамен төлеу мөлшері уақытша айына 100 мың теңгеге дейін шектелгенін хабарлаған болатын. Бірақ клиенттер көрсетілген лимит ішінде де ешқандай операция орындай алмай отырғандарын айтып шағымданған еді.

Кейінірек Астана банкі хабарлағандай, салымшылар алдындағы борышын өтеу үшін Ұлттық банктен шұғыл қарыз алу туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0