Қоғам

Путин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМәңгілік алау
Мәңгілік алау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путин атап өткендей, Жеңіс күні – бұрынғы КСРО елдері халықтарының ерлігінің символы

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы КСРО елдерінің басшыларын, сонымен бірге Грузия мен Украина азаматтарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Кремль баспасөз қызметі.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады

"Құттықтау жеделхаттарында Ресей президенті атап өткендей, Жеңіс күні — Отанымызды және бүкіл адамзат баласын фашизмнен құтқару үшін майдан шептерінде бірге шайқасып, тылда жан аямай еңбек еткен халықтарымыздың ерлігі мен бірлігінің символы", — делінген хабарламада.

Атап өтер болсақ, Путин Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия мемлекет басшыларына, сондай-ақ Грузия мен Украина азаматтарына құттықтау жолдады.


Жаңалықтар
0