Қоғам

Жел ұшырған батут: төтенше жағдайлар комитеті түсініктеме берді

© Photo : Общественный паблик "Астана - Что? Где? Когда?" в соцсетяхАударылған батут
Аударылған батут - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аумағы 200-250 шаршы метр батут жұма күні қатты желден аударылып қалды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Астанада қатты желден батуттың аударылуына қатысты түсініктеме берді.

Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, батуттың конструкциясы күрделі, ауданы 200-250 шаршы метр. Қатты желден жұма күні күндіз "Жаннұр" сауда орталығы аумағында аударылып қалған. Салдарынан бес бала зардап шегіпті. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Комитет жел туралы жарияланған дабылды ескертуді тұрғындар қаперінде ұстауы керектігін атап өтті.

"Сонымен қатар, қатты жел соғып тұрғанына қарамастан, балаларын батутта ойнауға жіберген ата-аналардың жауапкершілігін ескеру қажет", — дейді ведомство.

Жаңалықтар
0