Қоғам

Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобустың архивтегі фотосы
Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мүгедек балалар енді қоғамдық көлік қызметін 18 жасқа дейін тегін пайдаланады

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада бүгіннен бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар мен олардың заңды өкілі қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды elorda.info. 

Ресей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды

Астана қаласы мәслихатының шешімі 4 мамыр, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, мүгедек балалар қоғамдық көліктердің қызметін бұрынғыдай 7 жасқа дейін емес, 18 жасқа дейін тегін пайдалана алады. 

"Бұған қоса, мүгедек балалардың ата-аналарының біріне де (заңды өкілі) тегін жүруге рұқсат етілмек. Бұрын бұл құқық тек мүгедек баланы алып жүргенде ғана берілетін", — деп мәлімдеді Astana LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, осы жылдың 1 маусымына дейін жеңілдікке ие азаматтар қоғамдық көліктерде қағаз куәлігін (зейнетақы кітапшасы) көрсету арқылы тегін жүре алады. Ал көрсетілген датадан кейін олар Қажымұқан, 14 көшесіндегі Орталық кассадан өздерінің аты-жөні жазылған көлік картасын алуы тиіс.

Жаңалықтар
0